На установке производства водорода завершены восстановительные работы. Технологическое оборудование функционирует в штатном режиме.
13 ақпанда сутегі өндіру қондырғысының (HPU) бу риформеріне технологиялық газ тасымалдайтын құбыр желісінің дәнекерленген тігісінен табылған ақауды жою жөніндегі жөндеу жұмыстары аяқталды. 14 ақпанда «Карабау» мұнай-химия зауытында дизель отынын өндіру қайта жанданды. Бұған дейін, 2023 жылғы 10 ақпанда, «Air Liquide Munai Tech Gases» компаниясына тиесілі сутегі өндіру қондырғысында ақаудың анықталуына байланысты «Карабау» мұнай-химия зауыты дизель отынын өндіруді уақытша тоқтатқан болатын.
ЖЖҚ тоқтап тұрған кезде жиналған мұнай компоненттері наурыз айында тауарлық өнімге айналдырылады. Осылайша, Қарабау мұнай химиясы зауыты көктемгі дала жұмыстары басталғанға дейін жоспарланған дизель отынын өндіру көлемін қамтамасыз етеді. Қарабау мұнай-химия зауытының қоғаммен байланыс бөлімі